2017 жылы Астанада 66 жаңа көше салынды. Жалпы ұзындығы 23,4 шақырымды құрайтын 11 жаңа көше инженерлік желілердің барлығымен қамтылды. Ал «Өндіріс», «Оңтүстік-шығыс» және «Көктал» тұрғын үй алаптарында салынған жалпы ұзындығы 20, 9 шақырым болатын 55 көшеасфальт-бетон жабындысыменжабдықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұдан бөлек, ұзындығы 64,3 шақырымды құрайтын 93 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде 10,1 шақырымдық 15 көше жөнделді. Ұзындығы 21 шақырымды құрайтын 44 көшені ағымдық жөндеуден өткізу шараларына Үкімет қорынан қаражат бөлінді.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты
Бөлісу