АСТАНА. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Лондонның оңтүстік-батыс бөлігінде өрт шыққан пойыздан жүздеген жолаушы қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ТАСС Daily Mail-ға сілтемемен.

Қысқа ғана хабарламада Лондонның Clapham Junction станциясынан ел астанасынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан Уокинг қаласына бара жатқанда South Western Railway компаниясына тиесілі пойыздан өрт шыққаны айтылған. Басылым келтірген мәліметтерге сенсек, пойыздың ішінен үш мәрте қатты дыбыс шыққан. Содан соң, Лондонның  Нью-Малден ауданындағы бір станцияға жете бере өрт шыққан.

Алдын ала болжам бойынша өртке электрқұрылғылардан шыққан ақау себеп болуы мүмкін.

Оқиғадан жапа шеккендер жоқ.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты
Жариялағанinform.kz
Бөлісу