Сотта соңғы сөз алған актер Ерлан Біләл қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Ол отбасының жалғыз асыраушысы және өзінің денсаулығының нашарлағанын айтты.

Тіпті көзіне жас алып, халықтан, әріптестерінен және туыстарынан кешірім сұрады. Қатесін түсінетінін және кінәсін толықтай мойындайтынын да мәлімдеді, деп хабарлайды Астана арнасы.

Сот үкімі ертең жарияланбақ.  Бұған дейін прокурор күдіктіге 90 млн теңге айыппұл төлетуді сұраған болатын. Сондай-ақ мемлекеттік марапаттарынан айыру үшін Президенттің атына ұсыныс хат дайындауды талап еткен. Айта кетейік, күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Танымал актер жаңа жылдың алғашқы күндері пара алмақ болды деген айыппен істі болған еді. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері оны театрдың көрермен залын жалға беру үшін заңды тұлғалардың бірінен 1,5 млн теңге көлемінде пара талап етті деген күдікпен құрықтады.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты
Жариялағанstan.kz
Бөлісу