Сириядағы Идлиб қаласының маңында лаңкестер атып түсірген Су-25 ұшағының пилоты ақтық демі біткенше террористерге қарсы тапаншадан оқ атқан.

Оқиға орнынан табылған Стечкин тапаншасындағы оқ саны осыған дәлел, деп жазады 24.kz.

Тұмсықпен жер сүзе құлаған ұшақтан ол әуеде парашютпен секіріп үлгіргенімен бірден лаңкестердің қоршауында қалып өлтірілді.  Бұл ақпарат легін Ресейдің Қорғаныс министрлігі растап отыр. Ақпаратқа сәйкес, ұшақты «Хайят Тахрир-аш-Шам» террорлық тобының содырлары атып құлатқан. Бұл топ атышулы «Джебхат-ан-Нусраның» бір тармағы болып табылады.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты
Жариялағанstan.kz
Бөлісу