Биылғы жылдың маусымында электрондық денсаулық паспорты мен пациенттiң жеке кабинетiн пилот түрiнде енгiзу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Денсаулық сақтау саласын цифрландыру» тақырыбындағы Үкiмет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Министрлiк цифрландыру саласындағы проблемалық мәселелердi шешу үшiн 2018 жылға бiрқатар шараны жоспарлап отыр. 2018 жылдың қаңтарында елiмiздiң 4 өңiрi, атап өтсек, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында медициналық құжаттаманы «қағазсыз жүргiзу» жүйесi енгiзiле бастады. Аталған жоба аясында қағаз құжаттардан кезең-кезеңмен бас тартылуда. 2018 жылдың маусымында Интеграциялық платформа, оның iшiнде электрондық денсаулық сақтау паспорты мен пациент кабинетiн пилот түрiнде енгiзу жоспарланып отыр», – дедi Бiртанов.

Министрдiң айтуынша, жыл соңына дейiн әкiмдiктермен бiрiгiп, медициналық ақпараттық жүйелермен барынша қамтамасыз ету көзделiп отыр. Себебi, ауылдық жерлерде медициналық қызметкерлердiң төмен компьютерлiк бiлiмi үлкен проблемаға айналуда. Осы мақсатта медициналық жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасына денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологияларға бағытталған пәндердi енгiзу де жоспарланған.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты
Бөлісу