Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде күннің күрт суытуына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Бүгін және жақын арадағы екі тәулікте, 30-31 қаңтарда ауа температурасының күрт төмендеуіне және мұздардың қатуына байланысты Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Сырдария өзенінде су деңгейі көтеріліп, тасуы мүмкін», – деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, синоптиктер бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты аяз болатынын хабарлаған.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты
Бөлісу