Оңтүстік Калифорния университеті дәрігерлері семіздіктің инфекциялық аурулар белгілерінен туындайтынынанықтады. Яғни семіз адамдармен жиі араласатын адамдар уақыт өт келе тола бастайды. Ғалымдардың бұл зерттеуі JAMA Pediatrics журналында жарияланды, деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасап Stan.kz.

Мамандар статистикалық анализ жүргізу үшін M-TEENS жобасы аясында алынған мәліметтерді қолданады. Бұл мәліметтер тамақтану мен қоршаған ортаның жасөспірімдер денсаулығына әсері тақырыбында жазылған. Ғалымдар зерттеу жүргізіп, АҚШ әскери базасында қызмет ететін ата-аналарымен (1 300 ересек адам) бірге 1 111 баланың дене салмағына қоршаған ортаның әсерін анықтады.

Аталған зерттеудің нәтижесінде Колорадо штаты Эль-Пасо қаласының 21% жасөспірімі, Луизиана штаты Верноне қаласының 38% жасөспірімі артық салмақтың зардабын тартып жүргені анықталды. Жалпы жасөспірімдердің төрттен бірі, ал ересектердің төрттен үш бөлігі артық салмақ қосқан.

Зерттеу кезінде қатысушылардың жасы, табысының мөлшері және әскери шені ескерілген.

Зерттеу барысында әскер қатарында қызметте жүрген әрі семіздікке шалдыққан ересек таныстары бар жасөспірімдер де артық салмақ жинап отырғаны байқалған.

Мұндай құбылысты базаға жақын маңда мейрамханалардың орналасуымен түсіндіруге болады. Ал ғалымдардың айтуынша, мұнда адамдар арасындағы қарым-қатынас негізгі фактор болады екен.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты
Бөлісу