Дариға Назарбаева елімізде әскери телеарна ашылу керектігін айтыпты. Қайдағы әскери телеарна? Қандай қажеттілік бар? Оны кім көреді? Басқасын қатырып тастап, енді қалғаны әскери телеарна ма еді?! Әлде, мемлекет есебінен қаржыландырылатын өзінің иелігіндегі ешкім көрмейтін медиаимпериялардың құрамын кезекті рет көбейтпек пе?
Қазақ елінде жастардың телеарнасы жоқ! Қазақ елінде жасөспірімдердің телеарнасы жоқ! Қазақ елінде “Білім” телеарнасы жоқ! Қазақ елінде “Мәдениет” арнасы жоқ!
“Мектептер салынбайтын елде, түрмелер көбейеді” демеп пе еді бір дана…
“Ел боламын десең, бесігіңді түзеп ал!” Қайтесіз, бейбіт күні соғыс шақырып?

Белгілі журналист Дина Елгезектің пікірі

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты
Бөлісу