ЗЫМЫРАНДАР ҚҰРСАУЫ ТАЯП КЕЛЕДІ- Серік Жанболат

Фото Serik Zhanbolat.Қытай Ресеймен шекараға таяу жерге екі бригада “Дунфэн-41” зымырандарын қоймақ көрінеді. Мейлі ғой, мықтылардың арасында бір-біріне қыр көрсету – қалыпты жағдай делік. Ал, үшінші бригаданы Ұйғыр ауданындағы Синьцзян қаласының маңына қоюды жоспарлап отыр деп жазып жатыр БАҚ. Бұл – бізге таяу деген сөз ғой. “Дунфэн-41” зымырандары 14 мың шақырымға еркін жететінін ұмытпау керек. Бұл қандай емеурін? Алдыңғы жылы мәңгілік досымыз Ресей де тура желкемізге, Челябі облысына өзінің “Искандер-М” зымырандарын әкеліп қоймап па еді? Ол алысқа ұшпайды, Қазақстаннан әрі аспайтыны анық. Кімге кезеніп отырғанын? Азулы да әлді елдер зымырандарының құрсауына түсейік деп отырған сияқтымыз ғой. Дүние не болып барады өзі?

Фото Serik Zhanbolat.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты
Бөлісу