Индонезиядағы ауылдардың бірінде алдыңғы аяқтары жетілмей қалған бұзау өмір сүреді. Артқы екі аяғымен адам сияқты жүретін бұзау туралы видео желіде тарап кетті.

Бұл туралы The Daily Mail хабарлады.

Видеода бұзау тепе-теңдікті әрең сақтап, артқы аяқтарымен ептеп жүріп келе жатқаны көрінеді. Жануардың құлап қалмауын ер адам бақылап тұр.

Бойы адамның иығынан келетін бұзау әлеуметтік желі қолданушыларының таңданысын туғызды.

Кім кінәлі? Арман Шеризат

Әлемде мұндай ауытқушылығы бар жануарлар жиі кездеседі. Бұдан бұрын Пәкістандағы фермалардың бірінде екі басты, ал Үндістанда түрі адамға ұқсайтын бұзау туған болатын.

Дереккөзі: STAN.KZ

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты
Бөлісу