Рухани жаңғыру керек пе? Иә, керек! Неге? Себебі, ХХІ ғасырға Адам – азғындап, Қоғам – саяси – экономикалық дағдарыс, ал Табиғат – экологиялық апаттармен кірді… Бұған, бүгінгі Табиғаттағы жер сілкіну, өрт, су алу сияқты түрлі апаттар жиілеп, Қоғамда, саяси-экономикалық дағдарыс көбейіп, ал Адамның өзі азғындап, қызтеке, еркекшора, бәтшақор, нашақор, т.б. айтпағанда, бүгінде шерменделік (инцест) заңдастырылып, бір Францияның өзінде, ата-ана, балаларымен және қандас бауырларымен некелескен 50 мыңнан астам, шерменде «жанұя» құрылғаны дәлел.

Сондықтан бүгінгі, Президентіміздің рухани жаңғыру жайлы көтерген мәселесіне, кезекті саяси науқан ретінде қарамай, оны жүзеге асыруға тиіспіз. Ол үшін, біз, әрбір мемлекеттің қозғаушы күші, сол елдің негізін қалаған ұлт екенін түсініп, мемлекетіміздің рухани жаңғыруына жауапты екенімізді мойындауымыз керек.  Сол себепті біз, жоғалуға айналған, өзіміздің ұлттық бейнемізді тауып, жақсылығымызды жетілдіріп, кемшілігімізді түзетіп, рухани жаңғыруды,  өзімізден бастағанымыз дұрыс.

Ол үшін үйлесімділік заңдылығына зер салсақ…

Әлем үйлесімділік заңдылығы бойынша, Табиғат, Қоғам, Адам  – біртұтас бірлік. Жаратушы, осы бірліктің тіршілікке ие бес туындысы: өсімдік, зәрре (микро) ағза, жәндік, хайуан, адам, соның  ішінде, тек Адамға ғана, мыйымен, әлемдік Санамен, байланысуға мүмкіндік беріп, оған қоса, өзінің жақсы-жаман пейлі, яғни ой-пікірі, іс-әрекеті шығаратын әль илляһи  қуатымен, 7 безіндегі  7 мың қоздырғышымен (гормон) 2 түрлі қуат алып, тек өзін емес, бүкіл Жер жүзіндегі тепе-теңдіктің бұзылмауын, қадағалау тапсырылған…

…Адамның  ойының өзі, тәни (материя)  қасиетке ие екенін, ғылым  мойындаса да, Бүгінімен ғана өмір сүретін Адам мұны мойындауға құлықсыз… Ал, әлем үйлесімділік заңдылығын бұзатында-түзейтінде, осы ақ-қара 2 қуат. 1.Фалақ-дарун (жарық сәуле) оны бата, алғыс, мейрім т.б.адамның адами пейлі шығарады. 2. Халақ-дарун (жүйесіз сәуле) мұны адамның: күншілдік, қызғаныш т.б жаман ойларымен, жемқорлық, зинақорлық сияқты әрекеттері шығарады. «Адам ниетінен табады» деген, бүгінде, қара қуат көбейді…

Сондықтан, Қазақстандағы киіктің қырылуын ысырапшылдықтың, ал жемқорлықтың көбеюін, арам сүт емген, не некесіз туылған арамзалардың көбеюінен, ал обырдың (рак) көбеюін зинақорлықтан (Бақара сүресі, 234 аят. Идда мерзімі), сондай-ақ дақылдарымыздың қар астында қалуы, т.б. әлем үйлесімділік заңдылығын бұзғанымыздың жазасы деп, білуіміз керек. Ал, Адам, әлемде рухани қуат бар екенін білсе де, тіпті рухани қуаттын күшін көрсе де, пендешілікке салынып, оны мойындар емес…

Қоздырғыштардың (гормон) жүйелі тізбегін жасалық   

«Мың жыл бұрын, 1/1000-Уәли, жүз жыл бұрын 1/40-Қыдыр еді, ал бүгінде, 1/2 сайтан болды». Себебі, қазіргі ғалым, қоздырғыштың «жаңалық, жақсылап ұмытылған ескілік» екенін ұмытып, 70-ғана зерттеп, 60-жайлы пікірін айтты, бұл 1%-ға жетпейді. Әлбетте, адамзат бұл білігімен, тектану (генетика) ілімін қайта жаңғыртпаса, яғни әлемдік үйлесімділік заңдылығына сай, қоздырғыштардың имани тізбегін жасап, ұрпағын тәрбиелемесе, Сана әлемінде өмір сүретін, жаңа Адам тәрбиелеп шығаруы екіталай…

Ал, Адамды рухани кедейлендіріп, ұлтының тіршілік алаңынан алшақтатып, оның қоздырушы тізбегін бұзатын 6 нәрсе бар. Олар: 1. Өз ана тілін білмеу; 2. Бабалары тұтынған дінінен безіну; 3. Ұлттық әдет-ғұрыпын жоғалту; 4. Баласына ұлтына тән емес, ат қою; 5. Ұлтына жат әуенді пір тұту; 6. Ұлтының абырой, мүддесін қорғамау екенін білген, ұлы  Вернадский «Потеря национальной самобытности, равносильно  генетическому исчезнованию» деп, ескертсе де, біз бұған құлақасар емеспіз…

Бүгін Жаратылыс өмірінде жаңа дәуір басталып, адамзат Тіршілік (биосфера) әлемінен Сана (ноосфера) әлеміне, яғни балалық шақтан кәмелетке толып, саналы өмірге аяқ басты. Енді, біз осы ойрандалған Табиғат, дағдарысқа ұшыраған Қоғаммен, өзгеріске ұшыраған Санамызбен, Ертеңгі Сана әлемінде ойдағыдай өмір сүре аламыз ба? Жоқ. Себебі, бұрыңғы өлшем енді жарамайды, енді Сана әлемі бізден, жаңа таным, жаңа өлшем, тіршілікті жаңаша пайымдап қимылдаумен қатар, өз заңына сай әрекет етуімізді талап етеді…

                                   Ол үшін неден бастауымыз керек?

Тән тәрбиесі бізді – Табиғатпен байланыстырса, Жан тәрбиесі – Қоғамда өмір сүруді үйретеді, ал, Рухани тәрбие – бізді болашақпен байланыстырады. Сондықтан  еліктеуді қойып, енді ұрпағымызға, тек тән-жан тәрбиесін берумен шектелмей, жүйелі рухани тәрбие беруді де қолға алғанымыз дұрыс. Ол үшін жас ұрпаққа, ертеде іргетасы қаланып, адамзатты имандылыққа баулитын ақида (идеология), фикх (шариғат, заң, этика), мантык (логика, риторика) т.б.ілімдерді үйретсек, тек фәнилік емес, имани тәрбиеде берер едік…

1. Әлем үйлесімділік заңдылығына сай, бергенге қанағатты, алғанға сабырлы болумен бірге,  алдымен өзіміздің М х N = X < ∞формуласынан, яғни «өзіңе жақсылық тілеуіңді, адам даналығының жасампаздығына көбейтіп, нәтижесінде белгісіздікке жету, ал оның ізі шексіздік…» деген өмірлік ұстанымыздан құтылуымыз керек. Бұл – нәпсінің құлы болудан,  яғни, байлық, билік, ақша, махаббат, т.б. тәнімізбен жанымызды рахатқа бөлейтін заттардың бәрін, тек өзім ғана, шексіз ала берсем, ала берсем деген ұстаным.

2. Ұлы Фараби ғылымға қарсы болғанынан емес, ал адамзаттың болашағын ойлағаннан, әлемдік тепе-теңдік, яғни үйлесімділіктің бұзылуынан қорқып “Адамзат үшін, тәрбиесіз білім – қауіпті” деген ескертуін тыңдамай, пендешілікпен жүрегі жоқ, қуаты мол – Ғылымды, жүрегі бар, қуаты аз Тәрбиеден артық дамыттық. Нәтижедемашина жүргізу үйретілді, ал оның рухани жағы, яғни, біруді жаралап, зиян келтірмеу үйретілмеді… т.с.с. Сондықтан, біз, ұрпақ тәрбиесіне, тек ғылыми негіз емес, рухани мән бергеніміз де дұрыс.

3. Ғылымның даму нәтижесінде, ұялы телефон дүниеге келді, бұл жақсы. Бірақ Адам, ұрпағының болашағын ойласа, оған рухани тәрбие беріп, ұялы телефонды артық пайдалану адамның Санасын бодандап, ойланып талдау қасиетін төмендетінін, оның келешекте өзі түгіл ұрпағына зиян келтіретінін, ал одан  шығатын радиациялық сәуле 4 Грей болса обыр, бедеулік, белсіздік тәрізді қатерлі науқастарды көбейтіп, адамды ауыртатыны, ал 9 Грей болса өлтіретіні, жоғары мәртебелі ақша үшін, айтылмады…

4. Адамзат Ертеңін ойламай, тек Бүгінімен өмір сүргендіктен «…енді 10-15 жылдан, адамзаттың атқаратын жұмысының 50 пайызын робот атқаратын болады» деп, қуанады. Сонда жұмыссыз қалғандар напақасын қалай табады? Оның үстіне «жұмыс», Саналы Адам үшін, тек напақа табу әдісі емес, ал саналы адамға адами қасиет (гормон) сыйлайтын құрал.  Адам, одан айрылса не болады? Қазірдің өзінде, адам кінәлі болудан қорықса да, күнә жасаудан қорықпай, өз напақасын еңбекпен емес, қулықпен табудан ұялмайтын болды…

5. Адамзат, өркениет туындылары: рентген, рад, грей, зиверт, БЭР шығаратын  радиациялық сәуледен: ақ қан, бедеулік, обыр т.б. қатерлі науқастарға шалдығуы мүмкін екенін біліп, олардан қорқады. Ал рухани надандығының нәтижесінде, нәпсісін тежей алмай, әлем үйлесімділік заңдарына қайшы Табиғат, Қоғам, Адам заңдарын бұзып, өсек, өтірік айтып, жалақорлық, жемқорлық, зинақорлық, жезөкшелік, т.б. жасап «кірлеуден», яғни күнә жасаудан қорықпайтын болды. Сондықтан қазір иман азайып, жүрек қатайды

Бұл жайлы белгілі ғалым А. Гостев ашына «Духовно-религиозные традиции говорят отом, что все мысли и образы, которые порождаются человеком, фиксируются на неком «планетарном» (ноосфера)  и даже «вселенском»  уровне, поэтому люди не имеют права засорять «психосферу планеты» деді. Бұл – «Адам, жаман ой, теріс әрекетімен, әлем үйлесімділігін бұзуға, яғни тіршілік кіндігін (биоцентризм)  ластауға құқы жоқ» деген сөз.

Ал “күнәһар, жазадан, аман құтылып кетті-ау”, дегеннің өзінде, жазадан ешбір пенде, жазаланбай, құтылып кетпейді. Бұл – әлемдік үйлесімділік заңы. Жаратушы оны, бәрібір тәнін ауыртатын – 6, яғни денсаулық, бостандық, жоқшылық т.б. жанын қинайтын – 6, яғни ана, бала, жары, т.б. рухын кірлететін – 6 жақыны ұят, қанағат, тәубесіналумен бірге, оның абырой, атақ, ақша, байлық, билігінде қосып алу арқылыда жазалайды…

                                  Рухани тәрбиенің дұшпандары кім?

1. Зигмунд Фрейд – адам санасын, тән ләззатын алуға бұрған «ғалым». Ол алғашқы рет, өз әкесін өлтіріп, анасына үйленген Эдип патшаның үлгісі түрткі болып, өз анасына, тән құмарлығы оянғанын, досы Флиске айтып, осы Эдип шерменделігін (Эдипов комплекс) негізге алып еңбек жазған… Қазіргі заман психологтары, осы, жанын тапсыра алмай, аласұрып өлген, нашақор-шерменденің еңбегін пайланып, «ұстаз» дайындап жүр…

2. Сальвадор Дали – сюрреализм (ақиқаттанда жоғары) сынды ағымды әкеліп, сұлулық  өнерін ластаушы. «Сүретші» Дали, сүрет өнеріне: баланы жеп жатқан шибөрі, құлаққа кіріп-шығып жатқан құрт сияқты адамның санасына сыймайтын «жаңалықтары» аздай, адамның жыныстық мүшелерін жарнамалап, адам жанын тазартатын сурет өнеріне, анайылық енгізіп, үлкен соққы берді. Бүгінгі таңда, оны пір тұтатындар, бізде де көбейді.

3. Парацельс (Цельстен озған) – адамды табиғи емнен алшақтатып, жасанды дәріге (таблетка) тәуелді еткен, алғашқы дәрігер. Онымен қоймай, адамзатқа жасанды бақыт сыйлап, адамның есірткіге  тәуелді болуына, өзі жол ашып, есірткімен емделу керектігін насихаттады. Ол осы «еңбегін» бұлдап, «мен, ұлы рим дәрігері Цельстенде оздым» деп, тегін, Парацельс қылып өзгертіп алған. Ол 48 жасында белгісіз жағдайда дүние салды.

4. Майкл Джексон – санаға сына қағушы. Джексонмен, «Битлз» о баста, әлемді билеп тұрған, «Коммитет 300» есірткіні жарнамалауға шығарған «туындылары» болатын. Кейін, жастардың санасын улау үшін, оның қимылын, түр-түсін өзгертіп, қалыптасқан құндылықтарға, яғни адамды бұзатын поп-музыка арқылы, адамды рухани байытатын классикалық музыкаға соққы берді. Нәтижеде, санаға сына қағып, өзі есірткіден көз жұмды.

5. Хироси Исигуро – робот жасаушы. Ол андроид, яғни адам тәрізді робот жасап,  қызмет көрсететін: даяшы, есепші, мұғалім, т.б. жұмыстарды, соларға тапсыра бастады. Бұл, біріншіден: жаппай жұмыссыздықты көбейтсе, екіншіден бұл, адами байланыстарды жойып, адамның мейрім қасиеттерін азайтып, жүрегін қатайтады. Ал үшіншіден, андроидтер адамзаттың болашағына қауіп төндіріп, бағынбай кетулері мүмкін… Бұл «тіршілік жойылады» деген сөз.

                               Тән тәрбиесіндегі қателіктер (теріс тізбектер)

Тамақтануда (арам-адал)

Бүгінгі күні, ұлтына, дініне қарамай, шошқа етіне күмәнмен қарайтындар көбейді. Себебі  шошқа, шын аш болса, баласын жеп, өскесін баласы-анасына, атасы-баласына «шабатыны». Бұл, табиғат заңына жат әрекеттер куаты, шошқа етін жейтін  адамның нәпсісін (серотонин) тежейтін қасиетін жойып, оның еліру қасиетін (адреналин) көбейтеді, сондықтан бұлардың батыл, бірақ мейрімі аз, тәні суыққа шыдамды, бірақ туысынажылылығы жоқ, денсаулығы мықты, бірақ жүйкесі әлсіз, қайраты көп, бірақ ұяты аз болып келетіні.

Киінуде ( ұят – ұятсыздық)     

Әйелдің, еркекке қарағанда, ұятының екі есе күшті болуының себебі, оның көрсетуге тыйым салынған жері, еркектен, екі есе көп. Олар: сан (10 %), қолтық (20%), кеуде (30%), жыныстық мүшелер (40%)… Дегенмен, мини, бикини, декольте шығарылды. Нәтижеде, нәпсі бұғатталып, зинақорлық көбейді, ал еркектің  қуаты азайғанмен, оның сұғы, халақ дарун, яғни қара қуаты, әйелдерде кеуде обыры т.б. ауруларды көбейтті…  Шығыс елдерде, «бұл науқастар жоқ», деуге болады, ал Батысқа еліктеген бізде, көбейіп барады…                                                     

АҚШ-тың Калифорния университетінің ғалымдары, Құранның, ер адамның қызыл түстен киім киіп, алтын тағуына не үшін қарсы болғанын зерттегенде, одан ер адамның жыныстық қуаты әлсіз болатынын анықтаған. Сондай-ақ, ер адамның, әйелге тән қимыл жасап, киінуі, шашын бояу, т.б. ерлерде әйелге тән эстроген қоздырғышын көбейтіп, ерлердің өзі, өзі болмаса жеті атасына дейін, бір, не бірнеше ұрпағы анық қызтеке, не еркекшора болатынын анықтаған… Бұл «үйлесімділік заңдылығы, ешнәрсе ұмытпайды» деген.

                                       Ұрпағымыз білуі керек мәлімет

Ал, тәни-жани болып саналатын 72 қуаттың ішінде, ең ауыр тәни қуаттар, адамның 7 түрлі әрекетінен шығады: 1- шерменделік (ата-анасы, не қандас туысымен «жақындық»), яғни инцест, 2-қызтекелік (еркектің еркекке құштарлығы), 3-еркекшора (әйелдің әйелге) 4- бәтшақорлық (педофилия), 5-жынысын өзгерту, яғни ақталану (чайлд-фри), 6 – өлім аңсау (эвтаназия), 7- ағза сату, жеу (маньяк) жатады. Жани қуаттар: 1-жемқорлық, 2-зинақорлық, 3-нашақорлық, 4-алаяқтық, 5-құмарпаздық, 6-маскүнемдіктен шығады.

                            Рухани жаңғыруды жүзеге асыру үшін не істеу керек?

Мәлімет. Нәубет жылдары ГУЛАГ-қа бағындыру үшін, бұратана елдердің әр қайсысынан 25 мыңнан адам қамаған. Бізден соның 25 мыңға жуығы атылса, тәжіктен 1 мың, өзбектен 7 мың, ал түркпенмен шешеннен бірде-бір адам атылмаған. Бұл олардың ұлттық байланыстарының  мықты болғаннан, ұлттың  рухы күшті болғанының белгісі. Рухани қуат, бізден саны аз, жөйттерде күшті, олар бірбіріне көмектессе көмектеседі, бірақ пара алмайды, пара алмасада, әлемнің 90 пайыз байлығымен, билігі солардың қолында…

Әрбір ұлт мүшесінің, өз ұлтына деген ықыласы күшті болса, ұлттың рухы да күшті болады.  Сондықтан біз, бізге еліктеумен келген, санамызға сына қағатын қоздырғыштардан құтылып, тектік-мұралық жадымыздағы ұлтымызға тән тізбегін жасап, ұрпақ тәрбиесін жөндеуіміз керек. Оған қоса, біз тектік-мұралық жадымыздағы ұрпақ сабақтастығы заңдылығын жаңғыртып, жоғалуға айналған ұлттық бейнемізді тапсақ, рухани жаңғыруды жүзеге асырып,  бір ұлтымыздың емес, бүкіл мемлекетіміздің рухани қуатын күшейтер едік.

                                    БАҚ-ты, соның ішіндеТV-ны қадағалау керек

Мәлімет.  ҚР 2016 жылы, ажырасудан 1 орын, жанықастықтан әлемде 3 орын болса, ал нәпсінің құлы болғаннан 958 мың түсік тасталып, соның 20 мыңы екіқабат болып қалған оқушы қыздар. Ал оқушы балалардың 35% арақ ішіп көрген болса, соның 17% ішуді әдетке айналдырған, ал 3,5 мың оқушы “маскүнем” деген, атпен, тіркеуде тұр. Бұған, жүйелі рухани тәрбиенің аздығымен, жынойнақты үзбей жарнамалап ТВ-да себепші болып отыр.

«Пышақты дұрыс пайдалансаң, адамның қолын ұзартатын көмекші құрал, ал бұрыс пайдалансаң адамды жаралайтын – қару». Қазір ТВ, ағартудан гөрі, аздыруға бет бұрған секілді,  сондықтан ол  адамның санасын бодандап хайуани түйсігін оятатын хабарларды жарнамалауда. Ол аздай, өзіміздің ТВ «Давай поженимся» хабарына еліктеумен, санамызға сына қағып, ұлттық тамырымызға балта шапса, ал «Тек күлкі үшін» сияқты хабарға еліктеумен мейріміміз азайып, жүрегіміз қатайды… Әлемдік ТВ екі хабарына зер салайық.

                                   Еліктеудің зардабын жою керек

«Ләззат күні» (день оргазма)  «мейрамын» дүниеге әкеліп «Айына, танымайтын кісімен, бір рет болсада жыныстық қатынаста болу, денсаулыққа пайдалы» деп, жезөкшелікті ашық жарнамалап, жүрген  Донна Шихеннін сөзіне сеніп, екіқабат болып, баласын қоқысқа тастайтындар көбейді. Біз, жас ұрпақтың, «іргетасын» дұрыстап қалап, яғни нәпсісін тежеп, имандылыққа баулудың орнына, қазір керісінше,  «жүкті болмау жолдарын  үйрету керек» деп, ұрандатып, бүлінгесін нәтижесімен күресуді ойлап жүрміз.

«Екіқабат кездегі жыныстық жақындықтың ләззаты тамаша» деп, жүрген Тутти Ларсенге сенгендер:  1/42 миғұла (аутизм), микеще (даун), сал (ДЦП)  болған балаларды дүниеге әкелуде. Ал, киелі туымызды көтеріп шығып,  екі жыл бойы, АҚШта өткен азғындар шеруіне (гей-парад) қатысып, «бізде өркениетті елміз, сондықтан біздің елде, гей парад ұйымдастыруға құлықты» деп, бүкіл қазақтың атынан ұрандатып жүрген «іштен шыққан жыландарды» заңмен тоқтату, не бұлар жайлы, ашық қоғамдық пікір қалыптастыру керек.

                      Қимылдын анайылығын, тілдің  жұтаңдығын жөнделік

Еліктеумен келген жат қимылдар.  Ортаншы бармақты көрсету «ұрдым» деген, екі бармақты көрсету «көзіңе шөп салдым», яғни зина жасадым, қыздың қолын қөтеріп, билеуі «келсең кел» дегені, ал оның үстіне шыңғыруы «батылырақ бол, мен дайын» деген. Ал «вау» қызтекелердің (гомик) ләззәт алғанда, шығаратын дыбысы. Ал қазақтың сөздік қорының азайып, жоғалуына, қазір  ат салысып жүрген «қандастарымызда» бар. Бұларды тоқтату керек, ортамыздағы дәнекер, тіл жоғалса, ұрпақ болашағы не болмақ?…

                                        Өзгерген өлшемдерді түзету керек.

Қазір, үлгі тұтқан, орыстарымыз  «спасибо, яғни «спаси бо(г)» деп, Жаратушыдан, өзіне көмектескен адамға тілек айтса,олар «не стоит» деп қабылдамағасын, бізде соларға еліктеп, біреу  көрсеткен көмегіміз үшін «рахмет» деп тілек айтса, «әдептілік  белгісі» деп есептеп, «оқасы (қажеті) жоқ» деп, тәрк етеміз. Ал,«Рахмет», (толық «Рахым ет, Алла») бұл сөз қазір, алғыс болып есептеледі. Ал, бұл алғыс емес, тілек, қазір күнәсіз адам жоқ, сондықтан, бұл,Жаратушыдан, өзіне көмектескен адамның күнәсін кешіруді сұрау. Осындай,  өзгерген өлшемдерімізді жөндеу керек.

Әділет Көрпе,

“Ұлт” порталы

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты
Бөлісу