Бір егесте қалмақтың бір қариясы Абылайға:

– Абылай шөбің жапырылмасын,-депті.

– Мұның қара қасқа кедей боп, малың болмасын дегенің ғой, бұл қарғыс емес. Қазақтың малы – менің малым. Бүкіл қазақта мал болмай қалмайды,-дейді.

– Күлің шашылмасын!

– Бұл да қарғыс емес. Балаң болмасын дегенің ғой, қазақтың баласы – менің балам. Бүкіл қазақта бала болмай қалмайды.

– Өзің білме, білгеннің тілін алма!

– Міне, бұл қарғыстың ең жаманы. Өзі білмейтін, білгеннің тілін алмайтын ел өспейді. Қарғысың қара басыңа барып жабыссын,-деген екен Абылай.

Мырзагелді Кемел,

“Өзіме сабақ” кітабынан

 

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты
Бөлісу