Баян өз отбасын шайқалтып быт-шытын шығарғанда, сериалды қайдан қарық қылсын?!

Баян сұлу мен Қозы Көрпеш сериалы!

Бұл даудың нүктесін мен қояйын!
Керемет сериал түсіруге болар еді….., бірақ продюсері дұрыс таңдалмаған. Бұл сериалды Ақан Сатаев немесе Лəйлə Сұлтанқызы түсіру керек еді. Ақан Сатаевтың кино түсіруден тəжірбиесі өте көп, Лəйлə Сұлтанқызы қазақ тілімізді, мəдениетімізді осы сериалда көрсете алатын еді . Қазақ даласының исін білетін жандар түсіргенде талғамы жоғары тарихи дүние шығар еді.Тілімнің қорланғанын көріп қатты жүрегім ауырды. Халықтың шырылдауы орынды.
Басты рөлді ойнаған қызда ешқандай қазақылық жоқ. Актриса дұрыс таңдалмаған. Қазақтың мəдениетін ашып көрсете алмаған. Бəрінің пікірін оқып шықтым. Біраз елге танымал аға- апаларым ашынып отыр екен. Ұлттық идеологияның құлдырауы деп осыны айту керек!

Ал Баян ханымға келер болсақ, Баян ханым егер таза болсаңыз мынандай əңгімелер ермес еді артыңыздан. Спонсорларды лақтырып, сериал түсіргеніңіз үшін жер алып жатсаңыз бұл нағыз коррупция . Мұны жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тексеріп көргені дұрыс болады деп ойлаймын. 54 миллион теңге жерде жатқан ақша емес! Халықтың салығы! Халық өз қаржыларының қайда кетіп жатқанын сұрауға құқылы!

Скриншоттар инстаграмм желісінен алынды!

Дереккөз: Айгүл Орынбектің  Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты
Бөлісу