Айнаның шығу тарихы
Айнаның шығу тарихы тым тереңде жатыр. Оны сонау ежелгі Шумер, Үнді және Мысыр елдерінде жасаған. Басында айнаны шыны тәріздес, қаралау түсті обсидиан, қола және күмістен дайындаған екен.

Алғашқы шыны айналарды ХІІ ғасырда Мурано аралына қоныс теуіп, сол жерде жұмыс істеген венециялық шеберлер жасапты. Бірде Муранодағы шыны жасаушылар кішкентай мәрмәрдің бетіне қалайыны жайып тастап, үстіне сынап құяды. Сынап қосылған қалайыдан «амальгама» деп аталатын қоспа дайын болыпты.

Оның үстіне шыны әйнек жабыстырған. Осылайша, қарапайым қажеттілікті өтейтін тұрмыстық бұйым осыдан 9 ғасыр бұрын пайда болады. Бірақ, венециялықтар өнертапқыштық құпияларын 200 жылдан астам уақыт бойы сақтап, айнаны жат жұрттықтарға қымбат бағамен сатып, табыс тауыпты.

Дереккөзі: http://isurak.kz

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты
Жариялағанreactor.inform.kz
Бөлісу